«КСК»-дан қашан құтыламыз?

Тұрғын үй реформасының аты өзгерсе де, заты өзгере қоймаған сыңайлы.

Саладағы серпіліс бір жылға шегерілген. Келесі жылдың шілдесінен бастап үйлерді толық тұрғындардың өзі басқарады деді сала мамандары. Алайда пәтер иелері кооперативінің өкілдерін нарықтан ысырып тастау оңайға соқпайды. Себебі олар жаңа жүйеге бейімделіп, тұрғындарды серіктестік арқылы басқаруға көшкен. Және оларға қате ақпарат беру арқылы нарықтағы орнын сақтап алды, дейді сала мамандары. Кейбір кооператив басшылары мүлік иелерінің бірлестігіне көшуге де кедергі келтіріп отырғаны белгілі болды. Өзара соттасып жатқандары да бар.

Марғұлан Әбдікәрімов, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» ақ төрағасының орынбасары:

- Мүлік иелерінің бірлестігі үш күннің ішінде бүкіл ортақ мүліктің кілттерін одан кейін керекті құжаттарын, техникалық спецификация дейміз, этажды жоспарлық пландары, қаржылық қағаздарын міндетті түрде тапсыру керек ескі басқарушы орган. Ал бұлар жалтарып, үш күн ішінде емес, айлап жүріп алады, қашып жүреді. Қолында қағаз да жоқ, паспорт та жоқ. Қай жерде қандай желі өтетінін, қай жерде қандай инженерлік құбыр өтетіні белгісіз. Сол құжаттарды алу үшін сотқа барады. Екі ай, үш ай, бес айға созылған сот жағдайлары болды. Сот шешімін шығарғанша олар құжаттарды бермейді.