Алматыда төртінші жыл қатарынан «Халық қатысатын бюджет» жобасы жұмыс істейді
- 160
- UPD: 00:04, 30.06.2022

Алматыда төртінші жыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы жұмыс істейді.
Оның мақсаты азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде мегаполис аумағын дамыту және абаттандыру. Тұрғындардан өтініш қабылдау 1 маусымда басталды. Жұрт балалар мен спорт алаңын салуды немесе қайта жаңғыртуды, саябақтар мен демалыс орындарын құруды, жаяу жүргіншілер жолын салуды ұсынып жатыр. budget.open-almaty.kz сайтында кез келген азамат 20 шілдеге дейін өтініш бере алады. 237 жоба келесі жылы іске асады. Оған 8 миллиард 700 миллион теңге бөлінеді.
Аида Мұстафинова, "Алматы қаласын дамыту орталығы" ақ басқарушы директоры:
- Жоба авторлары өздерінің жобалық ұсынысының атауын, қысқаша сипаттамасын, оны жүзеге асыру жоспарланған аумақты көрсетуі керек. Сондай-ақ қаражат көлемін көрсетіп, сызбасын ұсынуы қажет. Жоба құны мен сызба шартты екенін ескеріңіз. Сондай-ақ өтініш 61,2 миллион теңгеден аспауы керек. Жобалық нысан жалпыға ортақ болуы керек.
