COVID-19: қауіп сейілген жоқ

Коронавирус қаупі әлі сейілген жоқ. Алматыда 16-28 маусым аралығында 352 адам ковид жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе стелс-омикрон штамы басым. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Науқастарда дене қызуы, жөтел, тамақ ауруы, әлсіздік сынды клиникалық белгілер болады. Жұқпалы аурулар ауруханасында 48 адам емделіп жатыр. Соның ішінде 10 жүкті әйел бар. Олардың ешқайсы вакцина алмаған. Жалпы індетке шалдыққандардың көбі екпе салдырмаған. Биыл қалада 55 мыңнан астам тұрғын қауіпті індетке шалдыққан. «Сондықтан сақтық шараларын естен шығармаған жөн», – дейді дәрігерлер.