Ақтауда көлік паркі жаңа автобустармен толықты

Осы Ақтауда қоғамдық көлік паркіне 12 автобус берілді. Қалаішілік №2, 4 бағыттарда және Мұнайлы ауданына ескі көліктер қатынайтын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерзімі өткен автобустар жолда жиі бұзылып, тоқтап қалатын. Енді мәселе шешілді. Жаңа көліктер отандық зауытта құрастырылған. Әрқайсына 56 жолаушы мінетін автобус салқындатқыш жүйе, бейнебақылау құралымен жабдықталған. Жолақыны онлайн төлеуге де болады. Құны 1,4 млрд теңгелік әлеуметтік жоба аясында 112 жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін тағы 16 автобус келеді деп күтіледі.

Руслан Ахметнәбиев, жолаушы тасымалдаушы серіктестік басшысы:

– Біз қазіргі таңда 56 адамға жұмыс орнын беріп отырмыз. Жүргізушіге 15 күнге 240 мың алады. Кондуктор 15 күнге 168 мың теңге алады. №2 бағыт 100 процент жаңарды, енді тек жұмыс жасау керек. Бөлінгені 166 млн, оны біздер қайтарамыз бюджетке.