Павлодарда циклахена көбейіп кеткен

Мамандардың айтуынша, қаулап өсетін  өсімдіктен улы зат бөлінеді. Ол аллергиясы барларға зиян. Оның ішінде астманы ушықтырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Циклахенаны мал да жемейді. Алғаш рет ол Қарағанды қаласынан табылып кейін біраз жерге тарап кеткен. Қазақстанға Қытайдың оңтүстік өңірінен карантиндік бақылаусыз тасымалданған ауылшаруашылық өнімдерімен бірге келген деген болжам бар. Арамшөптің таралуы тез. Бір түбі  шамамен 300-ге тарта тұқым шашады. Жапырағы күнбағыс немесе топинамбурға ұқсас бір жылдық өсімдіктің биіктігі 250 см-ге дейін жетеді. Циклахенадан келетін ең басты қауіп басқа өсімдіктерді ығыстырады. Өзіне ылғалды  көп тартады. Биыл Павлодар облысы елімізде алғаш болып зиянды өсімдікке қарсы күрес жобасын жетілдірді. Олар сондай-ақ циклахенаны Қазақстанда карантиндік өсімдік түрлеріне жатқызу керек,- дейді мамандар.

Татьяна Понамарева, биолог-сарапшы:

- Өсімдіктің бұл түрі бұрын карантиндік шөптер тізімінде болған. Кейін қандай да бір себептермен циклахена ол тізімнен алынып тасталды. Зиянды шөпке қарсы күреске қаржы бөлу мәселесі де осыған байланысты. Соңғы кезде оған назар аударып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан біз осы жоба арқылы Қазақстанның басқа өңірлерінде біріктіруді мақсат етіп отырмыз. Бұл Өскемен, Семей, Алматы облысы жалпы Қазақстанның көптеген өңірлері зардап шегіп отыр.