Маңғыстау облысында ауыз су және экология мәселесі өзекті

Теңізі бар аймақтың ауыз суға зар болуы заңды ма? Жоқ, әрине. Бірақ әсіресе жаз кезінде маңғыстаулықтарға 55 мың текше метрдей су жетпей қалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықтың назын билік түсініп отыр. Сол себепті, түйткілдің түйінін шешуге барын салмақ.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Біз мұны шешу үшін 9 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Құны 282,5 млрд теңгеге. Бұл тәулігіне 286 мың текше метр су дайындауға мүмкіншілік береді.

«Каспий» су тұшыту зауытының қуатын 40 мың текше метрге жеткізу көзделіп отыр. Қазір оның 2-кезеңі жүргізілуде. Оған қоса 5 000 текше метр су тұшыту қондырғысы қолданысқа беріледі. Жеке инвесторлар мен ірі кәсіпорындар да аумаққа ортақ мәселені шешуге септеспек. Олар да арнайы қондырғыларды сала бастады.

- Қазіргі таңда 17 мың текше метр су дайындау қондырғыларын Қаражаңбас кен орнында құрылысы бітті. Қазір тестілік режимде оны қарастырып жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша мұнайшылармен келіскен Самұрық-Қазына, Қазмұнайгаз, Қаражаңбаспен келісім бойынша бірінші шілдеден бастап, облыстың игілігіне жоғарыда атап өткен Бейнеу, Қарақия аудандарының елдімекендеріне және де Жаңаөзен қаласына алғашқы мың текше метрді ала бастаймыз. Жылдың соңына дейін оны 10 мың текше метрге жеткіземіз.

Өңірде экология мәселесі де жолға қойылмақ. Қазір «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің I кезеңі бойынша 905 га жерге рекультивация жасалып жатыр. Жоба сәтті жүзеге асса, 105 млн тоннадан астам уытты қалдықты көмуге мүмкіндік туады.

Авторы: Мерей Мұратханқызы