Жағдай күрделенсе маска тағу тәртібі қайта енгізілуі мүмкін – Министр

Елде өткен тәулікте 189 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ковид жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында. Кеше Алматыда 98, елордада 55 адамнан вирус анықталған. Жалпы аймақтарда ауруды жұқтырған 788 адам емделіп жатыр, 6 науқастың жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер. Емханаға түскендер арасында ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп екенін бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та айтып өткен еді. Елде коронавирустың таралуына қатысты жағдай күрделене берсе, алдағы уақытта маска тағу тәртібі қайта енгізілуі мүмкін.