Шымкентке LRT салу керек пе?

Шымкентте ЛРТ, яғни жеңіл рельсті көлік жолағы салынуы мүмкін.

2035 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына осындай өзгерістер енгізілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бұл ұсыныстың қаралатынын, бірақ нақты шешімді жариялауға әлі ерте екенін мәлімдеді.

"Алайда халық саны күннен күнге өсіп жатыр. Демек, баламалы жолдар қажет", - деді әкім. Халықтың да пікірі ескеріледі. Әзірге жобаны орындауға ниетті инвесторлар да табылған жоқ.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

- Жалпы миллионник қалаға альтернативті транспорт керек. Халықтың динамикасы өсіп жатыр. Сол үшін бұл сызылған мәселе  БРТ мен ЛРТ жасау. БРТ өздеріңіз білесіздер, арнайы жолды автобусбен қолданудың мүмкіншілігі болады. ЛРТ жүйесінің бәрі бір күн бізде шеңбер қылып сызып жатыр. Ол болашақта үкіметпен ақылдасылып іске қосылатын болады.