Киікті неге күзде атады

Түз тағысын тек қыркүйек, қазан айында ғана атуды бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күзде 90 мың киік атылады. Неге 90 мың? Неге 100 мың немесе 70 мың емес. Бұған дейін «киік егінді жеп қойды» деп жар салдық. Ал бұл уақытта диқандар егінді түгел жинап алмай ма? Сонда жоқ егінді киік жеп қояды дегенге қандай қисын бар? Ал 90 мың киікті қырсақ, қалған миллион екі жүз мың киік егінді жеп қоймайды дегенге қандай кепілдік бар?

Бақытжан Исахаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

– Күзгі мезгіл деп отқан себебі, өйткені нақты ол кезге дейін шөпті жеп, өздерінің күйі болады да қысқы мерзімге дайындық. Бір жағынан ол мезетте күн салқындау, атылған киіктің етін тоңазытқышқа апаруға, сақтауға, тасымалдауға мүмкіндік береді. Одан бөлек желтоқсан айында жануарлардың күйлеу мерзімі басталады. Оған кері әсер тигізбеу үшін осы мерзімді пайдаланып отыр.

Енді алдағы күз айларында 80 мың ақбөкенді атуы мүмкін. Бірақ бұл уақытта диқандар өнімін түгел жинап алатынын қаперге түйсек, жоқ егінді киік жайпап салады деуге қандай қисын бар? Ал 80 мыңын қырдық делік, қалған жануар егінге түспейді деуге кепілдік бар ма? Қайда барып күн көремін? Бұл жан айқайы қазір киіктерге де, шаруаларға да ортақ. Киікті де өлтірмей, диқанды да шығынға батырмай алып шығу оңай іс емес. Бәлкім ақбөкенді атуға бөлінетін ақшаны фермерлерге өтемақы ретінде берсе жеткілікті болмай ма? деген сауал ойға оралады. Шаруа да мәз, түз жануары да аман.

Бақытжан Исахаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

– Етін ет өңдеуші ұйымдарға, кәсіпорындарға беріледі. Олар еті мен терісін өңдеп өздері әрі қарай жаратады. Оның мүйізін аулаған мекеме өзінің қоймаларында сақтайды. Оларды маркілеп, әрқайсысына жеке номер беріп, базасында сақтайды.

 

Орал киіктерін азайтамыз деп жүргенде онсыз да саны аз Үстірт пен Бетпақдала тұқымы оққа ұшып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Әсіресе бұл жағдайды оң жамбасына пайдаланғысы келетін браконьерлер қарап қалмас, дейді табиғат жанашырлары.

Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы:

– Қазір енді фермерлер бой көтергеннен кейін себебімен емес, салдарымен күресу жұмыстары жүріп жатыр бұл орынсыз. Киіктің 1 млн 318 мың бас бізге ешқандай атуға құқық бермейді. Кем дегенде 2-3 млн басқа жеткізіп алуымыз керек. Реттеу керек. Жер кезінде оңды-солды берілді. Қайтарып, ревизия жасап, киіктердің миграциялық жолдарын қалыпқа келтіру керек.

Авторы: Мирлан Алтынбек