Қаңтар оқиғасы: азаптау кезінде қанша адам қайтыс болды?

Қаңтардағы қырғыннан соң полицейлердің азаптауынан қайтыс болған кісілердің саны көп болуы мүмкін. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда бас прокуратура өкілдері тергеу кезінде 6 адамның қаза тапқанын мәлімдеген. Ал наурыз айында тіпті 8 адам деп айтып еді. Эльвира Әзімованың айтуынша, тергеу әлі аяқталған жоқ, сондықтан нақты ақпарат беру әзірге ерте. Тергеу кезінде тағы да тың мәліметтер шығып қаларына сенімді.

Эльвира Әзімова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі:

Қазір нақты саны белгісіз. Себебі өтініш әлі де түсіп жатыр. Егер қаңтардың ортасында 10 шақты қылмыстық іс қозғалса, кейін оның саны 100-ге жетті. Қазір одан да көп. Процесс барысында сандар өзгеріп жатыр. Сондықтан әзірге соңғы әрі нақты сан туралы айтуға әлі ерте.