Жуырда сатып алынған 20 қоғамдық көлік жолға шықты. Олар халық көп қатынайтын сапаржайдан әуежайға, саяжай шағын ауданынан жағалауға дейінгі ең ұзын көшелерде жүреді. Жол ақысын QR-код арқылы төлеу қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осы шілде айында тағы 20 автобус келеді. Ал жыл соңына дейін автобус паркі 60 қоғамдық көлікпен толығады. Осылайша Павлодарда жаңа автобустардың саны 100-ге жетпек. Жергілікті билік тозығы жеткен автобустардың санын 50-ден 33 процентке дейін төмендетуді көздеп отыр.
Салтанат Әкімбекова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Бүгін автобустардың алғашқы легі өз бағыттары бойынша қала көшелеріне шықты. Павлодар қаласында жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту үшін жылжымалы құрамды жаңартуға, автобус жүргізушілерін жұмысқа қабылдауға баса мән беріліп отыр. Қоғамдық көліктерді жаңарту үрдісі ары қарай да жалғасатын болады.