Ақтөбе облысында химиялық өңдеу жұмысы қарқын алды

Ақтөбе облысында шегірткелердің бас көтеретін уақыты жақындаған сайын химиялық өңдеу жұмысы қарқын алды. Бүгіннің өзінде, Шалқар, Ырғыз және Әйтеке би аудандарындағы  319 мың гектардан астам алқапты қамту көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бұған дейін бұл жерлерде Азия және италия шегірткесінің ошақтары анықталған. Жәндіктер қатайып өскен кезде егінді жалмауы мүмкін. «Бірақ дәл қазір егіс алқабына төніп тұрған қауіп жоқ»-дейді мамандар. Десе де төрт бірдей мердігер мекеменің жұмысшылары күні-түні шегірткеге қарсы жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл іске бір ұшақ та тартылған.   

Арыстанбек Жәкебаев, облыстық Аумақтық инспекцияның бас маманы:

- Химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланды. Қазіргі таңда италия шегірткесіне 297 465 гектар және Азия шегірткесіне 22 525 гектар. Қазіргі таңда улап жатыр. Әйтеке би, Ырғыз ауданында улап жатыр. Ешқандай қауіп жоқ.