Ақтөбе облысында 20 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Ақтөбе облысында 20 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Ақтөбе облысында 20 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қобда ауданында өткен «Amanat» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысында айтылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі болйынша, өңірдегі барлық жайылымның жалпы көлемі 25 млн гектарға жетеді. Олардың көпшілігі шалғай аудандарда орналасқан, ал жер учаскелері негізінен елді мекендердің айналасында тапшы. Өңірде 300 мыңнан астам мал басы бар. Оған әлі 150 мың гектар жер керек. Айта кетейік,  «Аманат» партиясы жанынан «Жер аманаты»  комиссиясы құрылған болатын. Соңғы бірнеше ай ішінде комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.