Бактерия анықталуына байланысты Сайран су қоймасы құрғатылады

Алматыдағы Сайран су қоймасында ішек таяқшасы көбейіп кеткен. Енді суды ағызып, түбін тазалау керек. 

Бұл туралы қалалық төтенше жағдай қызметі мәлімдеді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша лак-позитивті ішек таяқшасы нормадан асып кеткен. Көлдің суын ағызуға 3 күн кетеді. Мамандар  алдағы күндері суға түсуге болмайтынын ескертеді.

Айта кетейік, былтыр жазда шомылуға тыйым салынған жерлерде 4 адам суға кеткен. Биыл шомылу маусымы басталғалы бері 11 алдам құтқарылды. 17 адам әкімшілік жауапқа тартылды.