Жетісай қаласында 20 жылда 800-ден астам домбыра жасаған шебер тұрады

Оның қолынан шыққан бұйымдарды елге танымал азаматтар үлкен сахналарда қолданып жүр.

Октябрь Ағмановтың - негізгі мамандығы құрылысшы. Дегенмен, жігіт ағасының кірпіш қалап, үй соғатын кездері аз. Көбінесе ағаштан әр түрлі дүние жасайды. Жастайынан жанына жақын болған бұл хоббиін өсе келе жеке кәсіпке айналдырған. Қазір домбыра жасап, сатып жүр.

«Негізінде жақсы домбыра 4-5 түрлі ағаштан жасалады. Мен өзімізде өсетін жаңғақ, қара тал секілді ағаштарды қолданамын. Қажетті дүниелер дайын болса, бір домбыраны 3-4 күнде жасауға болады. Бірақ шеберлерде ондай мүмкіндік бола бермейді. Құрап қойып, басқа шаруаларымен айналысасың. Сондықтан бір домбыраны кем дегенде бір апта жасаймыз», – дейді ол.

 

Сондай-ақ...