Кореяның медтехника өндіруші 6 компаниясымен ынтымақтастық туралы келісілді

Сеулде қазақстандық компаниялар 6 бірдей медициналық техника өндірушімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мұнда қазақ-корей кәсіпкерлерінің форумы өтті. Іскер азаматтар Қазақстанда өндіріс орындарын ашуды көздеп отыр.

Атап айтқанда, екі ел өкілдері Ақтөбедегі компания базасында рентген аппараттарын бірлесіп шығаруға келісті. Қазақстан осы орайда медициналық және фармацевтикалық кластер құру және дамыту бойынша корей тәжірибесін зерттеп жатыр.

Айгүл Сыздықова, «СК-Фармация» Басқарма басшысы:

- Бізді Корея Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың қарқынды өсуі таңқалдырды. Соңғы жылдары жаңа жаһандық дәрі-дәрмектер мен технологияның нәтижесінде оның экспорт көлемі 20 миллиард АҚШ долларынан асқан. Қазір Қазақстан геосаяси жағдайға байланысты жергілікті фармацевтикалық өндірісті дамытуға және саланы цифрландыру бағытында ілгерілетуге үлкен мән беріп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылға қарай отандық өндірістегі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың үлесін 50 процентке дейін жеткізу керектігін атап өтті.