Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті

Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті

Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті. Соңғы бес жылда 34 тұрғын ажал құшқан.

Арасында балалар көп. Енді құтқарушылар жағажайларға кьюар-код орнатып жатыр. Онда шомылуға тыйым салынған учаскелер туралы толық ақпарат енгізілген. Судың тереңдігі, қай жерде ой-шұңқыр бары көрсетілген. Мамандардың мәліметінше, шаһар аумағында шомылуға қауіпті 25 орын бар. Қазір ол жерлерде рейдтік шаралар күшейтілді. 

Тілекжан Галлямов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

- Шомылуға тыйым салынған белгілерін орнату жұмыстарының алдында біз өзіміз үшін талдау жасадық. Адамдардың көп қайғылы оқиғаларға түсетін жерлер. Мысалы, Усолка мөлтек ауданындағы оң жақ жағалауда орнатылған белгінің астында соңғы бес жылда жеті адам суға батып кетті. Осыған байланысты өзіміздің талдау жұмыстарымызды жасап, арнайы кьюар-кодтарды орнаттық.