Елорда күніне орай "Neo Nomad 2022" акциясы басталды

Астана күніне орай "Neo Nomad 2022" акциясы басталды. Жобаның мақсаты туристерге Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлерін көрсету. Енді елге келген қонақтар 20 фотоспотта суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге #NeoNomad2022 хештегімен жүктей алады.

Шартты орындаған туристке "Қазіргі заманғы көшпенді" NEO Nomad 2022» атағы мен бағалы сыйлықтар беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы фотоспот Астананың бойтұмары "Бәйтерек" монументінің жанында орнатылды. 

Айта кетерлігі, бір фотоорынның құны 2 млн теңге.

Ержан Балтаев, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

- Қаламыздың туристік әлеуеті өте үлкен. Түрлі конференциялар, көрме өткізетін сол бағытта жұмыс жасаймыз. Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымдық жобалар жасап жатырмыз. Бұл жоба 20 өңірінде қолдауын табады.