Жамбыл облысында заңсыз кен орындары көбейіп барады

Жамбыл облысында заңсыз кен орындары көбейіп барады

Экологтар тексерісті Жаңатастан бастады. Жұрт құрылысқа қажетті қиыршық тас, құмды алысқа бармай-ақ төңіректен қазып алып үйренген, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен мына жердің карьерге айналғанына 20 жылдан асыпты. Мамандар  әлі де топырақ алынатынын айтып отыр. Біз барғанда трактор, жүк көліктерінің іздері анық көрініп жатты. Ал ор боп қазылған жерге күл-қоқыс, қалдықтарды әкеп тасталады. Кейде ішіне мал құлап шығынға ұшыраған шаруалардан шағым жиілеген. Тіпті бәз біреулер бұл жерді заңсыз кәсіпке айналдырып алған көрінеді.

Серік Нұрбаев, облыстық Экология департаменітнің бөлім басшысы:

- Бұл кішігірім бизнес түріне айналған. Мысалы елді мекеннен шыққан мусорды техникаларға басып осы жерге әкеп тастағанның өзі кәсіпкерлерге ақша. Қайтып кетіп бара жатып бос кетпей осы жерден топырақ басып кетіп оны да апарып елді мекендерге апарып сатады. Бұл жерді жабайы карьер деп айтсақ болады. Қаптап ашылуда. Осыдан кейін қиыршық тас карьеріне барамыз. Ол жерде көресіздер заңсыз карьерлер. Бардық, көрдік. Қазылғаны қазылған. Қадағалау жұмыстары тұрақты жүргізілмейді. Оны Сарысу аудандық әкімдігінің мамандары мойындап отыр. Тек ескерту тақтайшаларын ілумен шектеліп келгенге ұқсайды. Керегін алып үйренгендер әкімдіктің ескертуін пысқырмайтын да болған. Олар заңнан да, жергілікті биліктен де қорықпайды. Қайта керісінше ілініп тұрған тақтайшаны жұлып білгенін істейді.

Дәуренбек Шалабаев, Сарысу аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Сіздер барып көрген топырақ алған карьерлер ертеректен бар нәрсе. Оны жасырмаймыз. Жаңатас қаласы болғаннан кейін ішінара біз оны 24 сағат басында тұрып қарауылдап тұра алмаймыз. Мүмкіншілік жоқ. Ішінара жасырын алмаса арнайы рұқсат жоқ. Заңсыз бұл жерден алуға рұқсат берілмейді. Айыппұл деген тақтайлар да болады. Тұрғындардың есебі ма басқа ма әйтеуір оны бұзып орнынан жұлып алып кетіп қалады.

Былтыр жұлынып, бүлінген ескерту тақтайшалары жылдың ортасы болса да әлі күнге дейін қайта орнатылмаған. Экологтардың рейді кезінде Жаңатас қаласының маңынан үш жерде заңсыз карьер анықталды. Алайда қала әкімінің орынбасары оны жоққа шығарды. Кімге сенеміз?

Талғат Төлебаев, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары:

- Бізде заңсыз карьерлер жоқ. Сіздер көрген карьер құрылыс полигоны. Ол жердің рұқсат қағаздары бар.

Серік Нұрбаев, облыстық Экология департаменітнің бөлім басшысы:

- Әр ауылдың шетінде осындай топырақ карьері, тас карьерлері көп шоғырланған. Кезінде жер қойнауы туралы кодекс болмағандықтан рейдтік шаралар жүрмегендіктен, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеуі мақсатында осындай карьерлер көптеп кездеседі. Мысалы қазір Жаңатас қаласының аумағында тұрмыз. Осы жердің өзінде мен білетін екі карьер. Біреуі осы топырақ карьер. Қазір батыс жағына барамыз ол жерде қиыршық тас карьері.

Жалпы бүгінгі күнге дейін облыста 46 заңсыз карьер анықталды. Қазылған жердің басым көпшілігі ой-шұқыр күйінде жатыр. Экологтар өңірдің 10 ауданын тексеріп шықпақ. Заңды бұзғандар анықталса, табиғатқа келтірген залалдың көлеміне қарай жауапқа тартылады. Соңында талдау жасап картасын әзірлеп қалыпқа келтіру бойынша шара қолданылмақ.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан