«Отбасы банкі» ұлттық даму институты болып қайта құрылады

Отбасы банкінің базасында «тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» пайда болады.

Жаңа құрылым тұрғын үйге мұқтаж барлық адамды орталықтандырылған түрде есепке алумен айналысады. Бұл мәселе бір сағат бұрын үкімет отырысында айтылды. Жиында тағы қандай мәселе қаузалды? Үкімет үйінен Қорған Қонысбайұлы тікелей эфирге шығып, толыққанды ақпарат беруге әзір. Қорған, бетпердемен тұрғаныңызды аңғардым. Үкіметте маска тағу режимі қайта міндеттелді ме?