Әкімдіктер азаматтарды үйге кезекке қоюмен айналыспайды

Алдағы уақытта әкімдіктер азаматтарды тұрғын үйге кезекке қоюмен айналыспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қызметке Отбасы банкінің базасында құрылатын «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жауапты болады. Ал, банктің өзі ұлттық даму институты болып қайта құрылады. Мұны бүгін үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Себебі қазір баспанаға мұқтаж адамдар жергілікті атқарушы органдар арқылы 6 санатпен ғана үй кезегіне тұра алады. Өзге адамдардың пәтерлі болуы мұң. Енбі барлығы кезекке тұра береді. Сондықтан елде тұрғын үй саясаты түбегейлі өзгертілмек. Бірінші адамдардың кезекке тұру уақыты қаралады. Кейіннен қосылғандар бірінші кезекке тұрғандарлың алдын орап кетпейді. Сосын әркімнің табысына қарай үй беріледі.