Елорда әуежайында билетсіз тұрақ төлемі енгізілді

Елорда әуежайында билетсіз тұрақ төлемі енгізілді
Inbusiness.kz

Шлагбаумды көліктің кіруі мен шығуын тіркейтін камера басқарады. Арнайы алгоритм нөмірлерді нақты дәлдікпен түсіреді, деп хабарлайды «Хабар 24» әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қызметті бірнеше тәсілмен төлеуге болады:⠀

- Kaspi QR, Halyk QR қосымшаларында;

- Қолма-қол ақшамен;

- Әуежай ғимараттарындағы төлем терминалдары арқылы (банк картасымен).⠀

Жақында NQZ мобильді қосымшасы арқылы төлем жасау мүмкіндігі пайда болады. Жүйе қажетті соманы автоматты түрде есептен шығара алады.

Нұр-Cұлтан әуежайында жаңа жүйе операциялық шығындарды азайтуға көмектеседі. Кептелістердің алдын алу үшін әкімшілік келушілерден әуежай ғимаратындағы тұрақ ақысын төлеуді сұрайды.