476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмола облысында 12 шілдеде Жастар қанатының съезі өтеді

  • 136
  • UPD: 19:36, 05.07.2022
Ақмола облысында 12 шілдеде Жастар қанатының съезі өтеді

Ақмола облысының Зеренді ауылында шілденің он екісінде «Amanat» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс алтыншы съезі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға барлық өңірден 350-ден астам делегат қатысады. Орталық кеңес отырысында партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов «съезде жастар ұйымын трансформациялаудың жаңа тәсілдері жарияланады» деді. Құжат Жастар қанаты мүшелерінің ұсыныс, пікірін ескере отырып әзірленген. Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев атқарылған жұмыстың есебі берілетінін атап өтті. Делегаттар экономикалық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы идеяларды ұсына алады. «Amanat» партиясының Жастар қанаты – 105 мыңнан астам азаматты біріктіретін елдегі ең ірі жастар ұйымы.

Хабар 24 телеарнасы