Петропавлда маракуйя гүлдеді

Петропавлда маракуйя гүлдеді. Осыдан бес жыл бұрын ол Ботаникалық баққа Доминикан Республикасынан әкелінген екен.

Негізінен экзотикалық өсімдіктің отаны Оңтүстік Америка. Ал әлемде оның жүздеген түрі бар. Гүлдің пішіні тәжге және жұлдызға ұқсас болады. Әрі хош иісті келеді. Жалпы бүгінгі күні Ботаникалық бақта барлығы екі мыңға жуық өсімдік бар. Қазіргі таңда мұнда каламондин, лимон, банан ағаштары жеміс беріп жатыр.

Артур Рязапов, ботаникалық бақтың директоры:

- Өсімдіктен жақсы жеміс алу үшін гүлді тозаңдандыру керек. Бізде Ботаникалық бақта жәндіктер жоқ. Сондықтан ол жұмысты өзіміз қолмен атқарамыз. Өсімдік бізде алғаш рет жеміс берейін деп тұр. Сондықтан ерекше күтім жасап жатырмыз.