Астана халқының саны неше есе көбейген?

24 жылдың ішінде елордада тұратын халықтың саны төрт есеге жуық өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай.

Мысалы, 1998 жылғы қалада 326 мың адам тұрса, биылғы соңғы дерек бойынша 1 миллион 262 мың адам Нұр-Сұлтанда өмір сүріп жатыр.

Қазақстанның бас қаласында ерлерге қарағанда әйелдер саны көбірек. Тұрғындардың 52% қыз-келіншек, 48% ер-азамат екен.  Халық саны артқандықтан сәйкесінше бала туу саны да өскен. Ал ел астанасы ауысқан жылы қалада бар жоғы 48 жалпы білім беретін мектеп болса, қазір 147 білім ошағы жұмыс істейді. Елордада ауруханалар саны да үш есеге артты.