Павлодарда егіздер шеруі өтті

Астана күнінде павлодарлықтар егіздер фестивалін тамашалады. Шараға 300-ден астам егіз  қатысты. 

Арасында үшемдер де бар. Облыс бойынша барлық егізді бір жерге жинауға ұсыныс жасаған қала тұрғыны Диана Ахатова болатын. Оның бастамасы аяқсыз қалмады. Егіздердің құрметіне  концерт  ұйымдастырылды. Фестивальге арнайы шақырылған Гүлнұр мен Гүлмира Төлеубаевалардың жасы 60-қа таяған. Егіздердің бірі дәрігер, екіншісі аспаз болып еңбек етеді.

Бір қызығы, достары оларды әлі күнге дейін ажырата алмайды екен. Бұл бір-бірінен айнымайтын әрбір жұптың басындағы оқиға. Ертіс өңірінің егіздері осы шілде айында тағы бір үшеммен толықты.

- Біз өте бақыттымыз, менің осындай өзім секілді әпкем барына өте қуаныштымын. Бізді көшеде таныстар шатастырып алады ғой сонда мен Гүлнұр болып сөйлей салатынмын.

Диана Ахатова, ұйымдастырушы:

- Әрине біз мұндай кең ауқымды мереке болады деп ойлаған жоқпыз. Бес жүзге тарта отбасы қатысып жатыр. Олар Павлодар облысының барлық өңірлерінен келді. Мерекеге жиналған  барлық қонақтарға алғыс айтамын.