Теңіз кенішіндегі апатқа не себеп?

Бүгін Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде жарылыс болып, 1985 жылы туған екі қызметкер қаза тапқаны туралы айтқан едік. Оқиғаға қатысты облыс әкімі Серік Шапкенов шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаза болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Асланбек Шығыр, тілші:

- «Теңізшевройл» кәсіпорнының «Senimdi Kurylys» мердігер ұйымы мен қосалқы мекеме қызметкерлері құрылыс алаңында гидравликалық сынақ жүргізген. Салдарынан қысым түсіп кетіп, жарылыс болғар. Мердігер мекеменің 1 қызметкері оқиға орнында, ал екіншісі «ТШО клиникасы» медициналық мекемесінде көз жұмды. Олар 1985 жылы туған Жылыой және Исатай аудандарының тұрғыны болып шықты. Ал жарылыстан зардап шеккен 3 қызметкердің бірі - Қызылорда өңірінің тумасы екен. Қазір оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, оқиға кезінде қатты жарақат алған бір қызметкер тішұшақпен жедел облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді. Ал тағы біреуінің жамбасы сынып, аудандық ауруханаға жатқызылған. Үшінші задап шеккен жұмысшыға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Асхан Байдуәлиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Төртінші жарақат алған жұмысшы Жылыой аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Ол кісінің жамбасынаан жарақат алған. Оған да толықтай көмегі көрсетіліп жатыр. Жағдайы орташа тұрақты. Бесінші зардап шегушіге кен орнындағы «ТШО клиникасы» мед.мекемесінде психологтармен психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға қатысты облыс әкімі Серік Шапкенов шұғыл жиын өткізді. Жиынға «Теңізшевройл» ЖШС, ТЖД, ПД өкілдері мен жауапты басқарма басшылары қатысты. Облыс әкімі қаза болған жұмысшылардың жақын туыстарына көңіл айтып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. Бірақ оның нақты көлемі жайында қазір ақпарат қолымызда жоқ. Ал апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, заң аясында жұмыстар жүргізілмек. Қазір осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3 бөлімімен тергеу басталды. Мендегі бар ақпар әзірге осы.