Алматы тұрғындары Астана күнін атап өтті

Елорда күні мерекесіне орай Алматыда көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішіндегі сүбелісі балаларға арналды. Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Туған күніңмен, Елорда» мерекелік концерті өтті. Республикалық және халықаралық байқауларда көзге түсіп жүрген талантты балалар өнерін паш етті. Көркем суретті серік еткен дарындылар түрлі картиналарды салып сайысқа түсті. Сондай-ақ мультфильм кейіпкерлері демалысқа барған қала тұрғындарын қуанышқа бөледі.      

Рахымхан Нүптекеев, қала тұрғыны:

- Бас қаланы әрине мақтан тұтамыз. Біздің астанамыз өркендеп өсе берсін! Алматы халқы ел-жұртымыз аман болсын! Елімізде тыныштық болсын. Барлығына қуаныш бірлік, еліме қуаныш береке тілеймін!