Қарағанды облысыда пантамен емдеу орталығы ашылды

Ақтоғай ауданындағы марал шаруашылығы шілде айының ортасынан бастап емделушілерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаруашылық иесі 10 жыл бұрын шығыс өңірінен 21 бас аналық әкеліп, қорыққа жіберген. Қазір марал басы 130-ға жетіпті. Жылдың екі мезгілінде түз тағысының 15-20 басын табиғатқа жіберіп тұрады. Олар да қазір төлдеп, далада көбейіп жатыр. Марал мүйізінен алынатын панта қан аздық, жүрек-қан тамырлары ауруына және басқа да сырқаттарға ем. Болашақта өңірде туризмді дамытсақ, –дейді шаруа иесі. Осылайша Алтайдың кербез сұлу кербұғысын Ақтоғайдың мақтанышына айналдырмақ.

Нұрғазы Абзалбеков, марал шаруашылығының жетекшісі:

Көктемде, күзде босатып жатырмыз, 15-20 бастан сыртқа табиғатқа жіберіп жатырмыз. Қалғандары жүр осы жерде. Кісілерді шақырып, емдікке пайдаланамыз ба деген ой бар. Қазір өзімізде бір маман бар, сол келеді, кесуге бәріне.