Өскеменде Мәжіліс депутаттары жұмысшылармен кездесті

700-ге жуық жұмысшысы бар «Өскемен су арнасы» мекемесінің қызметкерлері Парламент Мәжілісінің депутаттарына шағымданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, жалақы мардымсыз, соңғы жылдары кәсіпорында жалақы көтерілмеген. Қолданып жүрген техникаларының көпшілігінің тозығы жеткен. Жұмысшылардың мұң-мұқтажын тыңдаған депутаттар кездесуде көтерілген мәселелерді тиісті орындарға жеткізуге уәде берді.

Николай Дроздов, жұмысшы:

Жұмыс ауыр, жалақы аз. 80 мың теңгемен қай жыртығымызды жамаймыз? Мұнда жастар жоқтың қасы. Негізінен зейнет жасына жақындап қалған адамдар жұмыс істейді. Техникалар да ескірген. Жөндеуді қажет етеді.

Игорь панченко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Әрине қазіргідей қымбатшылық кезінде 80 мың теңге жалақы деген өте аз. Бұл сала қызметкерлерінің жұмысы ауыр екенін білеміз. Олардың еңбегі лайықты бағалануы керек деп ойлаймын.