loader


Жетісудың Қаратал ауылында ауыз су жүйесі 1 айдан бері істен шыққан

Жетісу облысындағы Қаратал ауылының тұрғындары бір айдан бері тіршілік нәрінен тарығып отыр. Өйткені ауыз су жүйесі істен шыққан. Салдарынан тек орталық көшеге су беріліп, қалғаны ескі құбырдан тасып ішеді.

Бердігүл апаның бір айдан бергі әдеті осы. Бүгін де су келді ме деп тексеріп еді, құбырдан тамшы тамбады. Содан соң шелегін немересіне ұстатып, оны суға жұмсады.    

Бердігүл Сләм, ауыл тұрғыны:

- Осылай күн көріп жатырмыз. Көрінген жерден су алып келеді. Ол не болады бір-екі шәугім су алып келеді. Ол бітіп кетеді.

Ауыл халқы тіршілік нәрін кеңестік кезеңде тартылған ескі құбырдан алып отыр. Оның өзі екі-үш көшеде ғана қалған. Сондықтан арбасын сүйреткен тұрғындар сол жерден су тасуға мәжбүр.  

Бекмұрат Қасымханов, ауыл тұрғыны:

- Елу жыл болған шығар бұның ағып тұрғанына. Бұны қиған анадан су ішесіңдер деп. Ол су құрыды. Енді мынаны қайта қосты. Бұл жерде судың проблемасы ғой. Мына көшеге екі күн берсе, ана көше сусыз қалады.  

Күнболат Рамазан, ауыл тұрғыны:

- Негізі ауылдың басында жоқ, аяғында бар. Жалпы алғанда ауылда су жоқ. Қазір енді ішетін суды қойып, кір жууға қиын болып тұр. Су мәселесі өте тапшы болып тұр.

Елді мекенге 2019 жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Сол кезде құбырға қысым реттегіштің төртеуі орнатылыпты. Биыл соның екеуі бірдей істен шықты, дейін ауыл әкімі. Қалыптасқан жағдайға байланысты ол жауапты мекемеге хат жолдаған. 

Жанас Ертұрғанов, аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Ауылдық әкімнен хат түсті. Сол хат арқылы біз материал бәрін сатып алдық. Бір млн теңге ақша бөлінді. Скл Орнататын техника адамдар бар бізде.

Түсірілім тобы барғанда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы су реттегішті алып келді. Жауаптылар соны екі күннің ішінде орнатып, ауылдағы ауыз су жүйесін толық қалпына келтірмек. 

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Сондай-ақ...