Атырауда Мәжіліс депутаты тұрғындармен кездесті

Атырауда Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қабылдауға келген жұрт өздерін мазалаған  сұрақтарын қойып, баспана, жұмыссыздық жайы сұрап білді. Жаңадан қабылданатын заң жобаларына қатысты та ұсыныс пікірлер айтылды. Депутат көтерілген мәселелердің жедел әрі жүйелі шешілуіне күш салып, назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Атырау қаласына байланысты осы жердегі мәселелер үлкен бір күрделі проблема емес. Бұл жерде бұл мәселелерді шешуге болатын сияқты. Тұрғын үй мәселесіне қатысты көп сұрақтар болды. Жұмыс орнына сұрақтар болды. Осы жерде бәрін тиянақты шешуге болады. Бірақ өзім осы мәселелерді өз қадағалауыма алып отырмын.