1-сыныптан бастап «Менің қауіпсіздігім» пәнін енгізу ұсынылды

Зорлық-зомбылықтың алдын-алу үшін мектеп бағдарламасына «Менің қауіпсіздігім» пәнін енгізіп, зорлық-зомбылықтың арты жақсылыққа алып келмейтінін балаларға түсіндіру қажет. 14 жастан бастап жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын айту да маңызды. Белгілі адвокат Айман Омарова осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Ал оқу-ағарту министрлігі жасанды интеллектіні пайдаланатын жобаны іске қосады. Сөйтіп оның көмегімен әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан депрессияның белгілерін анықтайды.

Айман Омарова, адвокат:

Бізге сотта жұмыс істейтін психологтар керек. Бірде-бір психолог сотқа барып, жауап алуға қатысқысы келмейді. Олар қорыққандықтан өздеріне қалай ыңғайлы, қай тарапқа ұтымды солай жазып береді. Сондықтан сот психологтарын дайындау керек. Бізге бағдарлама түзу қажет және прокурор ұсынғандай әлеуметтік желілерде ақпараттық көмек беретін балалар парақшасын жүргізу маңызды. Біз суицидті төмендете аламыз. Бірақ оны зорлық-зомбылықпен тең дәрежеде қарауымыз керек.

Аида Балаева, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары:

– Біз бұл мәселені бүге шегесіне дейін қарауымыз керек. Әкімдіктер атқарған жұмысының нәтижесін көруі қажет. Ол үшін ахуалды әр аймақ бойынша жеке қарап, зерттеу маңызды. Барлығыңыз ұсыныс білдірумен шектеліп жатырсыздар. Сондықтан бұл мәселеге алдағы уақытта қайта оралып, егжей-тегжейлі қараймыз.