Алматыда «Жер аманаты» комиссиясы мүшелері тұрғындармен кездесті

«Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Алматы тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады. Отырыста бірқатар шағын аудандардағы жер мәселесі қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында «Бутаковка», «Горный гигант», «Каменское плато» шағын аудандарынан бөлек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де бар. Аталған аудандардағы пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерлер сот шешімімен мемлекетке қайтарылады. Бұған қоса, қозғалған мәселе партиялық комиссия мүшелерінің бақылауында болады.

Айта кетерлігі, учаскелік жерлердің мән-жайын анықтау бүгінде партиялық комиссия мүшелерінің шешімімен қалалық жер ресурстарын басқару департаментіне жүктелді. 

Мұрат Теміржанов, жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:

Басты мәселе таулы жерде орналасқан шағын аудандарда туындап отыр. Ондағы құрылыс нысандары жүйесіз салынған. Біз туып-өскен жерінің тағдырына бейжай қарамайтын қарапайым тұрғындардың мәселелерін шешеміз. Бұл – атқарып жатқан жұмысымыздың аса маңызды бағыты.

Василиса Қуанышова, тұрғын:
–Мен «Айдарлы» көшесінде тұрамын. Бұл жер жағалай таулармен қоршалған. Қазір мұндағы барлық ағашты құрылыс жүруіне байланысты отап тастаған. Ең қорқыныштысы, салынып жатқан құрылыс нысандары кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін.
Қазіргі таңда бұл жағдай біздің тыныштығымызды бұзып отыр.