Алматылықтардың өтініші бойынша екі автобустың бағыты өзгереді

Алматыда екі автобус бағыты өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласының Көлік холдингі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала тұрғындарының өтініші бойынша 11 шілдеден бастап мына маршруттардың қозғалыс схемалары өзгереді: Түрксіб ауданы Спасская көшесіндегі №13 маршруттың қозғалысы Солтүстік зиратқа дейін ұзартылды. Бұдан әрі схема бойынша сапарын жалғастырады. №129 маршрут солтүстік бағытта жүріп, Қарасу шағын ауданына, ал оңтүстік бағытта қозғалған кезде Заводская көшесімен тура жүреді. Бұдан әрі схема бойынша жалғаса береді.