40 мыңнан астам студент жатақханаға зәру

Алматы қаласында 40 мыңнан астам студентке жатақханада орын тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары оқу орындары мен колледждердің басым бөлігі Алматыда орналасқандықтан студенттер үйіне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. 2018 жылдан бері қалада 4 мың студентті қамтитын 19 жатақхана салынған. Алайда бұл сұраныстың 10 процентін ғана жауып отыр. Қазір осы өзекті мәселені мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында шешу қолға алынуда. Биыл жыл соңына дейін 10 мың орындық 35 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланып отыр. Егер кәсіпкер жаңа жатақхана салып немесе ғимаратты қайта жаңғыртудан өткізіп студенттердің игілігіне берсе, онда мемлекеттік тапсырысқа ие болады. Яғни әрбір төсек орын үшін үкіметтен төлемақы алады.   

Айнұр Сағындықова, сарапшы:

Жиырма жыл объект нысаналы мақсатын өзгертпеуге жауапкершілік тіркейді. Яғни ол жеке кәсіпкер 20 жыл бойы жатақхананың нысаналы мақсатын өзгерте алмайды. Ол 20 жыл бойы жатақхана болуы керек. Бұл жалғыз шарт жеке кәсіпкерге қойылатын.