«Самұрық-Қазына» өзгерістерге дайын

«Самұрық-Қазына» өзгерістерге дайын. Бүгін қор жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. «Қоғамдық кеңестің өзі сол өзгерістердің көрінісі», дейді қор өкілдері. Енді «Самұрық» ел үшін аса қажетті жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жиында тағы не айтылды? Мәжіліске арқау болған мәселе қандай?  Қорған Қонысбайұлы жалғайды. Бүгін қор жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. «Қоғамдық кеңестің өзі сол өзгерістердің көрінісі»,– дейді қор өкілдері. Енді «Самұрық» ел үшін аса қажетті жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін «Самұрық-Қазынаға» қарасты еншілес компанияларда қоғамдық кеңес отырысы өткен. Ал бұл қордың өзіне қатысты алғашқы жиын. Әлемнің ең үздік әрі сенімді деген 20 қорының санатына кіретін «Самұрық-Қазынада» 280-ге тарта компания бар. Ұзын-ырғасы 260 мыңдай адам еңбек етеді. Осыншама азаматты жұмыспен қамтып отырған қор әлеуметтік маңызға ие бірқатар ірі жобаны жүзеге асырмақ.

Мират Өтепов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және жоспарлау департаментінің директоры:

Осы жылы, алдағы жылдары қор 13 әлеуметтік маңызы бар жобаларға көңіл бөлмек. Олардың жалпы сомасы 3 трлн-нан астам. Ол сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, электроэнергия саласында мәселелерді шешу. Осы салаларға қор болашақта қаражат жолдауды жоспарлауда қазір.

Атап айтсақ, қор батыс өңірде тұщы су шығаратын кәсіпорын ашып, Алматының жылу электр орталықтарын газға ауыстырмақшы. Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салуды көздеп отыр. Әрі «ашықтық» саясатын жалғастыра бермек. Еншісіндегі барлық компания мен қордың өзінде комплаенс қызметі бар. Жұмысқа қабылданатын кезде тұлғаның жемқорлыққа бейімділігі жіті тексеріледі.

Дәурен Ақшалов «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметінің басшысы:

– Басшыларды тағайындаған кезде біз де сондай анықтама жасаймыз. Соның ішінде репутациялық және соның ішінде қандай біздің басшыларға немесе басқа да адамдарға қандай қатынасы бар, соның бәріне анықтама береміз. Соның арқасында бізде кадр саясаты бойынша өте көп өзгерістер енгізілді.

Қоғамдық кеңес отырысында қайырымдылық пен бұқаралық спортқа барынша көңіл бөлу керектігі айтылды. Қор өкілдері «ұсынысты ескереміз» деді. Ал дивиденд бойынша биыл «Самұрық-Қазына» төлемдерді шамамен екі есе ұлғайтпақ.

Авторлары: Қорған Қонысбайұлы, Ербол Дайыров