«AMANAT» партиясы Жастар қанатының съезі басталды

«AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезіне еліміздің түкпір-түкпірінен 350 делегат қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сьезд барысында жастар өзін дамытып ғана қоймай, көкейтесті мәселелерді ортаға салмақ. Мәселен, делегаттар ашылу салтанатында патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жас қазақстандықтардың әлеуетін арттыру сынды мәселелер көтерген. Одан бөлек, алғашқы күні жастар 5 бағыт бойынша білім беру тренингтеріне қатысты. Сондай-ақ әр саланың серкелері білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.

Нұржан Жетпісбаев, «Amanat» партиясы Жастар қанатының төрағасы:

– Жалпы қазіргі Жаңа Қазақстан форматында партиямыздың трансформациясы аясында Жастар қанатында: жаңа жұмысқа, жаңа үрдіске, жаңа стильге бейімделу мақсатында өткізіліп жатқан шара. Бұл жерде бізде 20 аймақтан келген 350 делегат. 4 күннің ішінде сьездің аясында Жастар қанатының жаңа бағыттарын талқылайтын болады.