loader


Елордалықтар Елена Рыбакинаны әуежайдан салтанатпен қарсы алды. LIVE

Мемлекет басшысының Жарлығымен Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Мерейлі мезірет спортшыға аса үздік жетістіктері мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жеңімпаздың өзі елорда әуежайына бірер сәттен соң қонады. Кеш қарайғанға қарамастан елордалықтар әуежайға асығуда. Тарихта атын алтын әріппен қалдырған теннисшіні күтіп алуға жанкүйерлермен қоса арнамыздың түсірілім тобы да барған еді. Арна тілшісі Бекзат Аманов елордалықтар жеңімпаз қызды қалай қарсы алғанын баян етті.

Сондай-ақ...