476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысында мектеп құрылысы баяу жүріп жатыр

  • 177
  • UPD: 23:12, 11.07.2022
Павлодар облысында мектеп құрылысы баяу жүріп жатыр

Павлодар облысы Ақсу қаласындағы мектеп уақытында қолданысқа берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Парламент Мәжілісі депутаттарының аймаққа жұмыс сапары барысында белгілі болды. Халық қалаулылары бірқатар білім беру нысанының құрылыс барысын тексерді. Ақсу қаласындағы мектеп 1967 жылдан бері жөндеу көрмеген. Енді «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жаңа кейіпке енбек. Қазіргі уақытта бірнеше мердігер ұйым қатар жұмыс істеп жатыр. Десе де, кестелері сәйкес келмей, жөндеу жұмыстарын дер кезінде аяқтап үлгермеуі мүмкін.  

Анатолий Бойчин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бірқатар мәселе туындап жатыр. Мектепті бірнеше мердігердің бригадалары жөндеп жатыр. Жұмыс кестелері әр түрлі. Дұрыс жоспарланбағандықтан, жұмыстар кеш аяқталуы мүмкін. Бұл жағдай бойынша талқылау жүргіземіз. Мамандар түсіністік танытты. Мектеп біздің назарымызға алынды.

Хабар 24 телеарнасы