Тараздағы «Қазфосфат» зауытынан шыққан қою түтіннен қауіп жоқ – Әкімдік

Тараздағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытынан шыққан қою түтіннен тұрғындарға қауіп жоқ.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет айтты. Алдын ала жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша фтор қосылыстарының шамалы жоғарылағаны байқалады. Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты мен қаланың санитарлық шекарасында азот секілді басқа заттардың көбеюі анықталмаған. Экологтар, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Рүстем Дәулет, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

- Жамбыл облыстық экология департаменті Тараз қаласында Сүлейменов көшесінде шекті рұқсат етілген концентрация бойынша өлшеу жүргізді. Нәтижесінде аммиак пен көмірсутегі бойынша шекті рұқсат етілген концентарция мөлшері аспағаны анықталды. Фтор қосылыстарының  аздап жоғарылауы байқалған. Сондай-ақ Жамбыл облысы Шайқорық ауылында да зерделеу жүргізілді, анықталған жоқ. Тараз қаласындағы Сәтпаев көшесінде орналасқан Қазгидромет автоматтандырылған станцияның мәліметтерінше, ауадан зияндылығы жоғары заттар табылмаған. Тараз қаласы тұрғындарына қауіп жоқ.

Сондай-ақ...