Қазақстанда коронавирустан жазылған адам саны 1 млн 293 жарым мыңнан асты

Өткен тәулікте 108 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.

Нұр-Сұлтан қаласында - 57, Алматы қаласында - 48, Павлодар облысында 3 тұрғын ауруынан айығып, қатарға қосылды. Елімізде барлығы 1 293 556 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Бұл туралы COVID-19 таралмауына жол бермеу жөнінен ведомствоаралық комиссия хабарлады.