loader


«Жылыойсу» МКК директоры Алагөзов 6 жылға сотталды

"Жылыойсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры Алагөзов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2019 жылдан бастап Құлсары қаласы халқын сумен жабдықтауда кәріз қызметтерінің тарифтерін негізсіз көтерген. Мұны Қаржылық мониторинг агентігінің өкілі мәлімдеді. Сондай-ақ күдікті қомақты қаржыны жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Тергеу кезінде аталған күдікті қолды қылған қаражат мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 процентке төмендетілді. Сот үкімімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылды. Мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ...