Қант мәселесі қаралып жатыр – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қант мәселесі қаралып жатыр – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етудің нақты шараларын қабылдап жатырмыз дейді. Соңғы дерек бойынша  қорда 26,8 мың тонна қант бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрлік  тағы 250 мың тонна қант бажсыз әкелуге квота бөлді.

Бұған қоса, арнайы  4 жұмыс тобы құрылды. Енді тәтті өнімді республика бойынша бөлу басталады.

Сондай-ақ Үкімет қант нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында бес жылға арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады. Оның аясында қант қызылшасын егу алаңдарын ұлғайту, суару желілерін қайта құру, қант зауыттарын жаңғырту  жүзеге асырылады.