Байланыс операторларына салынатын айыппұл ұлғайды

Елде сапасыз интернет үшін салынатын айыппұл өседі. Тиісті заңға Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Енді ғаламдық желісі сыр берген компаниялар бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұрын бұл сома 10 есе аз болатын. Егер заңбұзушылық қайталанса, айыппұл құны тағы артады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, операторларға түсетін арыз- шағым бұрынғыдан 10 есе жиілеген.

Ерхан Таткен, ҚР ЦДИАӨМ баспасөз хатшысы:

- Мемлекет басшысы атап өткендей, интернет яки байланыс тұрғындарға қолжетімді болу керек. Осы ретте, заң жобасы аясында осы сапасыз қызмет көрсететін байланыс операторына қатысты бірқатар ногрмалар күшіне енді. Заңбұзушылық қайталанса, онда айыппұл 200-ден 1500 АЕК-ке дейін артады.