Семейде қала тұрғыны қаражатына жағажай құрылысын бастады

Қызметі тегін. Енді мұнда тұрғындар қауіпсіздігі үшін құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшілік жасайтын болды, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұның аумағы әзірге шамамен 2 гектардан асады. Қазір судың астын тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғыны мұндай игі іске соңғы уақытта демалушылардың суға бату оқиғалары жиілеп кеткен соң барған екен.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

- Біз де бала кезімізде кез келген жерде шомылып жүрдік. Бұл дұрыс емес деп санаймын. Сондықтан қауіпсіз жағажайдың салынуын қолдаймыз. Адамдар суға батып кетпес үшін облыстың барлық тұрғындарын шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамын.