Қазақстан жаңа жастар саясатын қалыптастыруда – сарапшы

Қазақстан жаңа жастар саясатын қалыптастыруда – сарапшы

Елордада Азия кеңесі ұйымы жастар кеңесінің V отырысы өтті. Алқалы жиында жастар саясатын іске асырудың жай-жапсары жіті талқыланды. Назарбаев университетінің қабырғасында түрлі пленарлық сессия мен пікірталас ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткіге тәуелділіктің алдын алу жайы да сөз болмақ. Басқосуға қатысу үшін алыс жақын шетелдерден жастар қауымдастығының өкілдері арнайы келді.

Айта кетейік, осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанның бастамасымен Азия кеңесін шақыру қолға алынды. Ал былтырдан бері еліміз кеңеске төрағалық етіп келеді.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры:

- Қазақстан жаңа жастар саясатын қалыптастыруда. Бұл саясатты жасаған кезде халықаралық озық қандай үлгі бар екен? Басқа елдерде қалай іске асырылып жатыр? Соны үйрену мақсатында, менің ойымша, бұл таптырмайтын жақсы платформа. Өздеріңізге белгілі бұл Азия кеңесі өзінің 30 жылдық мерейтойын тойламақшы.

Мэйсам Әл-Хадиди,  Иордания жастар ісі жөніндегі  министрлігінің өкілі:

- Пандемиядан кейін Иорданияда жұмыссыздар саны көбейді. Және аурудың кесірінен жастардың денсаулығы да нашарлап кетті. Әрине теріс діни ағымдардың жетегінде кеткен жастарды сауықтыру да өзекті мәселенің бірі. Біз оларға көмектесу үшін дұрыс ортаға бейімдейміз.