Саясаттанушы: Халыққа ең бірінші керегі – жұмыс

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың табысын арттыруды және адам капиталын дамытуды міндеттеді. Осы орайда саясаттанушы Дәурен Базаров тікелей байланысқа шығып өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаттанушы Дәурен Базаров халықтық деңгейдегі жаңа жоба керек екенін айтты. Ол арқылы көші-қорн саясатын да ретке келтіре аламыз деді. Әсіресе халық саны өсіп жатқан өңірлерде өзекті бұл мәселені шешудің жолдарына тоқталды.