«AMANAT» жастар қанатының VI съезі аяқталды – Ақмола облысы

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезі аяқталды. Ел бойынша жүз мыңнанан аса жасты біріктірген съезд 4 күнге жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда қызылордалық делегат Нұрбол Серікпай партияның жастар қанатын одан әрі дамыту үшін маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов белсенді жастарды марапаттады.

Айта кетейік, VI съездің шешімімен жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды. Жастар ұйымының атауы мен Орталық кеңестің құрамы өзгерді.

Асхат Оралов «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына арнаған үндеуінде Отанға қажет әрі пайдалы болуға ұмтылу – әрбір жас адамның мақсаты болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл іс-шара ұл-қыздардың бірлігі мен ынтымағын айқындады. «Жастар Рухы» жастар үшін толыққанды әлеуметтік лифт болатынына кәміл сенемін.