Жетісу облысында ауылдағы амбулатория апатта жағдайда тұр

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент ауылдағы емдеу мекемелерін модернизациялауды тапсырды. Соның нәтижесінде 650 елді мекендегі медициналық нысан жаңартылып, ондағы қызмет көрсету сапасы жақсармақ. Бұл бастамадан Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Сарыбел ауылының тұрғындары да үмітті. Себебі «100 мектеп, 100 аурухана» жобасымен салынған дәрігерлік амбулаторияның қабырғасына сызат түскен. 

Дәрігерлік амбулаториямыз 2012 жылы салынды. Үш жыл өткен соң бізде осындай трещиналар пайда болды. 

Емдеу мекемесінің Қанша Қасенова сияқты мамандары күн сайын басын қатерге тігіп, науқастарға қызмет көрсетеді. Өйткені ғимараттың қабырғалары жарылып, сылақтары түсіп жатыр. Сондықтан олар амбулаторияның іргетасы отырып кеткен оң жақ бөлігіне бармауға тырысады.

Ханша Қасенова, Сарыбел ауылдық амбулаториясының мейірбикесі:

- Апатты жағдайда болып тұрған соң біз көбіне жоғарғы жақта жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жаққа көп келіп жатқамыз жоқ. Лаборатория істейді, Сыртқы есік арқылы лабораторияға кіргіземіз де қайтадан шығарып жібереміз. Қалған приемның барлығы жоғары жағында істеліп жатыр. 

Мекеменің сыртқы қабырғаларына да сызат түскен. Оны мамандар жамап жасқағанымен жарықшақ жыл сайын ұлғайып келеді. Соған қарамастан дәрігерлер үш ауылдың 2300-дей тұрғынына қызмет көрсетіп отыр. Жергілікті халық құрылыстың қыста әрі асығыс жүргізілуінен сапасы сыр берген шығар деп есептейді.  

БЛИЦ: 

- Кезінде мердігер мекеме апыл ғұпыл өткізген. Барлығы жарылып кеткен. Кафельдері құлағалы жатыр. Құлап кетіп, медбикелердің өздері зардап шексе қиын ғой енді.

- Бірінші Алла, екінші доғдыр дейді ғой адам жанына себеп болар. Сол үшін жасау керек жасату керек. Көз жұма қарауға болмайды. 

Мекемеге сараптама жүргізген мамандар ғимарат апатты жағдайда емес деп шешім шығарды. Және жөндеу жұмыстарына кететін қаражат көлемін де есептеген.   

Алтынай Күдерова, Панфилов аудандық ауруханасы бас директорының орынбасары:

- 34 млн теңгеге дефектный акт жасалды. Облысқа берілген болатын. Соның шешімін күтудеміз. Егер ақша бөлінсе ол қайта жасалады. 

Аудандағы күрделі жөндеу қажет емдеу мекемесі бұл ғана емес. Халық санының артуына байланысты Тұрпан, Жерұйық, Нәдек ауылындағы ФАП-тарды үлкейтіп дәрігерлік амбулатория жасау керек. Сонымен қатар ескірген жеті медициналық пункт жаңартуды қажет етеді.   

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев